+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

СҚО-да Covid-19 инфекциясын жұқтыру 12 пайызға төмендеді

2021 жылғы 23 қыркүйек 20:41
Бөлісіңіз:
СҚО-да Covid-19 инфекциясын жұқтыру 12 пайызға төмендеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі соңғы екі аптада 12 %-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанда соңғы үш айда коронавирустан 225 адам қайтыс болған Қазақстанда жылына 150 адамның жүрегін ауыстыру қажет - Юрий Пя СҚО-да 134 мың зейнеткердің 18 пайызы ғана коронавирус екпесін алған

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, соңғы 2 аптада облыста Covid-19 инфекциясын жұқтыру 1214-тен 1062 жағдайға дейін төмендеді. Ауырғандар арасында барлық жас санатының өкілдері бар. Дегенмен, ең үлкен үлес – 31 % 60 және одан жоғары жастағылар арасында байқалады, 50-59 жастағылар арасында ауырғандар 18 %-ды құраса, 40-49 жастағылардың 13 %-ы қауіпті инфекцияны жұқтырған.

Жалпы індет басталғалы өңірде КВИ жұқтырудың 24 042 жағдайы тіркелді. Олардың 12 %-ы профилактикалық тексеру кезінде сырқаттанғанын анықтаған, 66 %-ы медициналық көмекке жүгінген, ал 22 %-ы байланыста болғандар арасында анықталды.

Өткен жылдың қазан айынан бастап автомобиль жолдарындағы өткізу пункттері арқылы 255 542 адам шекарадан өткен. Қазақстан Республикасының 5 461 азаматында анықтама болған жоқ, олар COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарларға орналастырылды. Олардың 315-інде тест оң нәтиже көрсетті. 1403 шетелдік азаматқа ПТР анықтаманың болмауына байланысты кіруге тыйым салынды.

СҚО 4 қыркүйектен бастап «сары» аймақта. Алайда мамандар арқаны кеңге салуға болмайтынын айтып, ескертіп жатыр. Санитариялық шаралар сақталмаған жағдайда инфекция күрт өршуі мүмкін. Осыған байланысты санитар дәрігерлер санитариялық ережелер мен қаулылардың барлық талаптарын сақтауды: бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тартуды, жеке гигиена талаптарын сақтауды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT