+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

СҚО-да цифрлық ақпаратты сақтайтын заманауи Дата-орталық салынып жатыр

2020 жылғы 24 қыркүйек 23:40
Бөлісіңіз:
СҚО-да цифрлық ақпаратты сақтайтын заманауи Дата-орталық салынып жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда цифрлық ақпаратты сақтайтын заманауи, Дата-орталықтың құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 134 мың зейнеткердің 18 пайызы ғана коронавирус екпесін алған Семейдегі Абай мешіті маңына жерүсті өткел салынуда СҚО-да екі аптада коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 1,7 есе артты

Дата-орталық 26 гектар жерде, Петропавлдағы бұрынғы Калинин атындағы зауыттың аумағында орналасады. Кәсіпорынның аумағы 10 жылдан артық игерілмей бос жатты. Қазір ол «PP Solutions» отандық компаниясының иелігінде.

Инвестордың айтуынша, зауыт 26 ғимараттан тұрады. Алайда, соның 17-сі бүгінде апаттық жағдайда. Бүгінде жөндеуге келмейтін ескі нысандар бұзылып, электр тарату желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Дата-орталық жобасы 4 кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашы екі кезеңде электр қуаты тартылып, қосалқы электр стансасы салынады. Кейін ескі ғимараттарды бұзып, қалғандарын жөнге келтіретін боламыз. Ғимараттардың ішінде цифрлық ақпаратты сақтайтын және өңдейтін көптеген серверлер болады. Жобаның құны шамамен 18 млрд теңге шамасында. Бұған құрылыс жұмыстары да, қондырғыны сатып алуға кететін шығын және қосалқы станса құрылысы да кірген», - дейді «PP Solutions» ЖШС директоры Болатбек Юсупов.

Мамандардың айтуынша, Петропавлда салынып жатқан Дата-орталықтың республикада теңдесі болмайды. Заманауи, қуатты орталыққа болашақта әлемдік IT алыптары Google, Amazon, Facebook-пен әріптестік орнату жоспарда бар.

Дата-орталық тек 2023 жылы ғана толық қуатында пайдалануға берілмекші.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT