СҚО-да БЖК мемлекеттік бағдарламасы бойынша 50 жоба табысты іске асырылуда

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 50 жобаның іске асырылуына соңғы бес жылда 2,2 млрд. теңгені бөлді. Бұл туралы журналистерге қаржылық қолдау алған нысандарға баспасөз турын өткізу кезінде айтылды.

Мемлекеттік бағдарламамен айналысқан кәсіпорындардың бірі - «Қазмұнайгазмаш» зауыты. Онда қарызға алу есеьінен өндірісті кеңейтіп, жаңа жабдықтарды сатып алды. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының» аймақтық филиалы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша өз ісін дамытқысы келген солтүстікқазақстандықтарға белсенді көмектесуде.

Солтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы іске асарылған уақыттан бастап мемлекеттік субсидияларды алуға жалпы сомасы шашамен 26,8 млрд. теңгені құрайтын 321 жоба мақұлданды. Оның қызметі уақытында 26 млрд. теңге бөлінді. 2010-2014 жылдар аралығында облыс кәсіпкерлеріне төленген субсидиялардың жалпы сомасы шашамен 2 млрд. теңгені құрайды. Облыс бойынша «Даму» қорының несиелік портфелінің сомасы шамамен 2,2 млрд. теңгені құрайтын 50 кепілдемесі берілді, берілген кепілдемелердің сомасы шашамен 957,4 млн. теңгені құрады», - деп ақпараттандырды «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның СҚФ директоры Алмат Нұрахметов.

Бұдан басқа 100-ден астам кәсіпкер оқытылды

Соңғы жаңалықтар