СҚО-да былтыр 900-ге жуық адамды ит қапты

Фото:
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл қаңғырған 600 ит-мысықты күтіп-ұстауға, чип салып, стерильдеуге 42,5 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, былтыр өңірде қаңғырған 30 үй жануарына чип салынып, ұрықсыздандырылды. Бұл жұмыс биыл да жалғаспақ. Осы мақсатқа бюджеттен 42 млн 576 мың теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа қаңғырған 600 ит-мысық қамтылмақ.

Қазір өңірде үй жануарларын есепке алатын «ТАNBA» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Оған ит-мысықпен жұмыс істейтін өңірдің 10 мекемесі тіркелген. Соның алтауы – ветеринарлық клиника, 2 – жануарларды аулайтын қызмет, біреуі – жануарларды қорғау ұйымы және біреуі қаңғырған жануарларға арналған панажай.

Осы жүйе арқылы былтыр үй жануарларын есепке қою ережесіне сәкес 301 ит-мысық тіркелді. Оның 30-ы – иесіз жануар.

СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, былтыр 891 адамды ит қапқан. Оның басым бөлігі – иесі бар иттер. Ит талағандардың 352-сі 18 жасқа толмағандар. Зардап шеккендердің 886-сы құтырма ауруына қарсы вакцина алды.

Сондай-ақ, облыс аумағында ит қапқан адамның қайтыс болу дерегі тіркелмеді.


Фото: media.canal3.md


Соңғы жаңалықтар