СҚО-да былтыр 6,5 мыңға жуық нәресте дүниеге келді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында былтыр 6364 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде халық саны 549,2 мың адамды құрады. Облыс тұрғындарының басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Олар – қала тұрғындарынан 8%-ке немесе 43 мың адамға көп.

Былтыр өмірге 6364 нәресте келген. Оның 3280-і – ұл, 3084-і – қыз. Сәбилердің 43% - облыстық перинаталдық орталықта туды. Алайда, бала туу көрсеткішінен Уәлиханов және Шал ақын аудандары алда тұр.

Ал бір жасқа дейінгі бала өлімі 2018 жылмен салыстырғанда 17,2% кеміген. Яғни, 76-дан 60-қа дейін төмендеген. Жалпы өңірде былтырғы қаңтар-қараша аралығында 6148 адам дүниеден озған екен.

Айырылысатындар саны да азайып отыр. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,8%-ке төмендеген. 1833 жұп ажырасқан, АХАТ органдары 3143 некені тіркеді.





Соңғы жаңалықтар