СҚО-да бүлдіршіндер ақпараттық сауаттылықты меңгермек

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылынан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы бастауыш сынып оқушылары ақпараттық сауаттылықты үйренеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәлімдеуінше, сабақтар 1-2 сыныптардан басталады. Ақпараттық сауаттылық сабақтарының тақырыптары алғашында қарапайым болып, бірте-бірте күрделеніп отырады.

Жалпы, Петропавлда цифрландыру бағдарламасы «Smart-балабақша», «Smart-мектеп» және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бағыттары бойынша іске асырылып жатыр.

Білім бөлімінің басшысы Айнагүл Сұрағанованың айтуынша, 1 қыркүйек күні ІТ-лицейдің ашылу салтанаты болады.

«2015 жылдан бері «Алтын бесік» бақшасымен бірлесе «Smart-балабақша» жобасын жүзеге асырып келеміз. «Smart-мектеп» пилоттық жобасы қалалық классикалық гимназияда енгізілген. Әрбір ата-ана баласының сабаққа барғанын, сабақтан шыққанын, SMS-хабарлама арқылы біліп отырады», - дейді А. Сұрағанова.

Соңғы жаңалықтар