+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

СҚО-да браконьерлер 9 елікті атып кетті

2019 жылғы 5 наурыз 17:43
Бөлісіңіз:
СҚО-да браконьерлер 9 елікті атып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-ның Қызылжар ауданында заңсыз аң аулау дерегі анықталды. Тәртіп сақшылар Согров мемлекеттік қорығының инспекторларымен бірге браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға наурыздың 2-сі болған. Есіл өзенінің жағасындағы Красный Яр ауылының маңында Mitsubishi Delica автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі ұсталды. Петропавлдықтың көлігін тексеру барысында сібір еліктерінің еті салынған қап пен қару табылған. Тәртіп сақшылары сол маңайдан тағы 5 қап ет пен әлі бөлшектелмеген еліктерді және аңдардың терілерін тапты.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, облыстың бірнеше тұрғынының заңсыз аң аулаумен айналысқаны анықталып отыр. Олар 9 сібір елігін атып алыпты. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.

«ҚР ҚК337 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Mitsubishi Delica автокөлігі, 5 жұп аңшылық шаңғы, 2 мылтық тәркіленді. Қылмыстың бұл түріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған болмаса жазасын өтеуші қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді СҚО ПД бас маманы Нұрбек Баекин.

СҚО-да жыл басынан табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 189 дерегі анықталды. Оның төртеуі - заңсыз аң аулауға байланысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT