СҚО-да бойжеткенді өлімнен құтқарған полицей үздік маман атанды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да бойжеткенді суицидтен құтқарған полицей Руслан Ақматов «Өз кәсібінің үздігі» байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқау Жергілікті полиция қызметі басқармасы облыстық және қалалық патрульдік полиция батальондары қызметкерлері арасында өтті.

«Патрульдік полицей кез келген жағдайға дайын болуы тиіс. Байқау кезінде заңнаманы білу, атыс даярлығының, қоян-қолтық ұрыстың теориясы мен практикасы ғана емес, алғашқы медициналық көмек көрсету, қозғалысы көп көше қиылыстарында қозғалысты қолмен реттеу тәжірибесі тексерілді. Байқауды қорытындылаған кезде қатысушылардың қыс мезгілінде жеңіл және жүк көлігімен жылдам жүріп маневр жасауы бойынша өткен сайыстардың нәтижелері, сондай-ақ, үміткерлердің қызметтегі жетістіктері де ескерілді», - дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға тоғыз маман қатысып, патрульдік полиция батальонының қызметкері полиция аға сержанты Руслан Ақматов үздік атанды.

«Мен үшін ең қиын сынақ - қарумен ату болды, - дейді жеңімпаз. - Ережелер өзгерді: нысана бұл жолы жақын болғанымен, жылдам ату дағдыларын көрсету қажет. Бұл - даярлықтың маңызды бағыты және барлық қызметкерлер жақсы нәтиже көрсетті».

Руслан Ақматов полицияда 2014 жылдан қызмет етеді. Бокс және қоян-қолтық ұрысынан спорт шеберіне үміткер, сондай-ақ спорттық атудан бірінші разряды бар. Оның спорттық даярлығының жұмысында көмегі зор. Ол 2016 жылы өзіне-өзі қол жұмсамақшы болған қызды құтқарып қалды. Өмірмен қоштасқалы тұрған бойжеткенді құтқару үшін Русланға Есіл өзеніндегі көпір аркасының ең биігіне көтерілуге тура келді.

«Үздік маман атағын Руслан Ақматов екінші жыл қатарынан иеленіп келеді, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. - Жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында болатын республикалық байқауға барады. Жыл сайынғы байқаудың маңызды мақсатының бірі - жеке құрамның кәсіби шеберліктерін тұрақты түрде арттырып тұруға қызығушылығын арттыру».null null

Соңғы жаңалықтар