+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

СҚО-да бос тұрған мектеп ғимаратын 1 теңгеге сатып алуға болады

2020 жылғы 25 қазан 14:30
Бөлісіңіз:
СҚО-да бос тұрған мектеп ғимаратын 1 теңгеге сатып алуға болады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында босап, қаңырап қалған мектеп ғимараттары аукционға қойылып жатыр. Бәссауда шарты бойынша ең төмен баға – 1 теңге ғана, деп хабарлайды ҚазАқпарат Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл ауданындағы Үлгі ауылында мектеп ғимараты үшін бастапқы баға 3,7 млн теңге сомасында белгіленген. Бұл мектепке біраздан бері ешкім сабаққа барып жүрген жоқ. 2020 жылы осы ауылдың тұрғыны ретінде18 адам болған. 10 жыл бұрын осында 235 адам өмір сүрген еді. Бұл мектепті саудаға шығару аукционы 10 қарашаға белгіленді. 1972 жылы салынған ғимарттың ауданы 471 шаршы метр шамасында. Бәссауда төмендету тәсілімен жүргізілгендіктен, ең төмен баға ретінде 1 теңге қойылды.

Осыған ұқсас жағдай Жамбыл облысындағы Рождественка ауылында орын алды. Бұл жерде 1264 шаршы метрлік екі қабатты мектеп сатылып жатыр. Мектеп құнын бағалау кезінде 9,4 млн теңге бегіленді, ал ең төменгі баға – 1 теңге. Осы ауылда қазір 13 адам тұрып жатыр. 20 жыл бұрын елді мекен тұрғыны ретінде 372 адам тіркелген еді.

Бұдан бөлек, тізім бойынша 1980 жылы салынған Ақбалық ауылындағы екі қабатты мектеп қойылған. 562 шаршы метр аумақты қамтыған ғимараттың бастапқы құны 1,7 млн теңге. Сауда жүргізу күні 10 қарашада болады. Бұл ауылда 20 жыл бұрын 260 адам тұрған.

Есіл ауданындағы Новоузенка ауылында 3 327 шаршы метрлік үш қабытты мектеп те саудаға шығарылады. Бағалау құны 27,2 млн теңгені көрсетіп тұр. 1983 жылы мектеп салынған кезде ауыл тұрғындарының саны 950 адам болған. Қазіргі кезде елді мекенде 30 адам қалған. Ауыз су тапшылығынан, тұрғындар суды көрші ауылдардан тасымалдап жүр.

ҚР Статистика комитетінің мәліметінше, соңғы 10 жылда СҚО-дағы мектептер саны 127-ге қысқарды. Ал бастауыш және орта мектепте оқитындар 8 мыңға азайды. 20 жылда өңірде 302 мектеп жабылды (478-і қалды).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT