СҚО-да боранға байланысты ескерту жарияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстікқазақстандықтарға бесінші күн қатарынан 112 қызметінен желдің ұйытқитыны туралы хабарлама келіп жатыр. Демалыс күндері де жел соғуы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК дерегі бойынша, сенбі күні өңірде боран соғады. Синоптиктердің болжамынша, секундына 15-20 метр оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 23 м/с-ке жетуі ықтимал.

Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты өңір тұрғындарын абай болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар