СҚО-да боранға байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының нашарлап, боран тұруына байланысты бірнеше бағыт бойынша автожолдарда көліктің жүруіне шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, 18 ақпан сағат 11.30-дан бастап «Жезқазған-Петропавл» республикалық тас жолының 595-ші шақырымынан 673-ші шақырымы - Ақмола облысының шекарасы Тоқсан би ауылына дейін және сағат 12.00-ден бастап Айыртау, Тимирязев, Шал ақын аудандарында және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандағы облыстық маңыздағы жолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Облыс аумағында жел күшейіп, боран соғып тұр. Сырғыма жүріп, 50 метрден әрі қарай жолдың көрінуі нашарлады. Осыған байланысты полицейлер облыс тұрғындарына алыс сапарға, елді мекендер мен қала аумағынан шықпауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар