СҚО-да боранда адасқандарды іздеуге 14 мобильді топ құрылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар департаменті қысқа әзірленіп, боранда адасқандарды іздеп табуға 360 адамнан тұратын 14 мобильді топ құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 мобильді топ Петропавлда және облыстың аудандарында жұмыс істейді. Оның құрамына құтқарушылардан бөлек жергілікті полиция қызметі, жергілікті атқарушы орган, шекара қызметі өкілдері мен еріктілер кірген. Барлығы 360 адам құрамында бар. Боранда бағытынан айырылғандарды іздеп табуға қарда батпайтын 188 техника мен 28 қар кешкіш көлік әзірленді.

«Қазгидрометтің» алдын ала болжамынша, биыл негізінен қыс жылы, бірақ жауынды-шашынды болмақ. Қараша айында құбылмалы ауа райы күтілуде. Тіпті күннің жылынуынан үшінші он күндікте қар еріп, көктайғақ болмақ. Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге өтімділігі жоғары 60 арнайы техниканы әзірледік. Жедел эвакуациялауға қолданылатын 9 вахтовкамыз бар. Оларды жолдары жиі қар алып қалатын аудандарға жібердік», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуков.

Бұдан басқа биыл автожолдарда 300 жылыту пункті ашылмақ. Оның 10-ы республикалық маңыздағы жолдарда орналасса, 30-ы облыстық, қалғаны жергілікті маңыздағы жолдарда болады.


Соңғы жаңалықтар