+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

СҚО-да боранда адасқан екі малшы аман табылды

2021 жылғы 24 ақпан 16:30
Бөлісіңіз:
СҚО-да боранда адасқан екі малшы аман табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында кеше ақ түтек боранда табын соңынан кетіп, адасқан екі малшы бүгін түске таман аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда азамат соғысы кезінен қалған алты снаряд табылды Павлодарда бір апта бұрын жоғалған жасөспірім табылды

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл ауданы Амангелді ауылының екі бақташысы 23 ақпан күні сағат 16.00 шамасында табынның соңынан кеткен. Бірақ қол созым жер көрінбейтін боранда жолдан адасқан. Ер адамдар ұялы телефонмен байланысқа шығып, орманды паналағандарын айтқан. Оларды іздеуге 40 адам жұмылдырылды.


Нәтижесінде бүгін сағат 12.00 шамасында аман-есен табылды. Ер адамдардың жағдайлары жақсы, аудандық ауруханаға барып, медициналық тексерістен өтуге бас тартты.

Бұған дейін СҚО аумағында 23 ақпан күні болған бораннан 5 адамның жоғалғанын айтқан едік.

Сондай-ақ 18 елді мекен жарықсыз қалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT