+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

СҚО-да боран соғып тұр: 37 адам қар құрсауынан шығарылды

2020 жылғы 20 ақпан 15:10
Бөлісіңіз:
СҚО-да боран соғып тұр: 37 адам қар құрсауынан шығарылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында боран тыйылмай тұр, автожолдардың 42 учаскесінде қозғалыс жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында 87 ғимараттың шатыры қирады Күн қайта суытады – үш тәулікке арналған ауа райы болжамы Солтүстік Қазақстанда қатты дауылдан екі адам жарақат алды

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде бүгін де қар жауып, боран соғады. Қазіргі уақытта автокөліктің барлық түрлері үшін 5 - республикалық маңызы бар, 37 - облыстық маңыздағы жолдар жабылды.

Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен облыстық жедел штаб жұмыс істейді, зардап шеккендерден хабарлама қабылдау үшін «жедел желі» ашылған. Өткен түнде мамандардың көмегіне ондаған солтүстікқазақстандық жүгінді.

Тимирязев ауданы Дмитриевка елді мекенінің «Волошенка –Тимирязев» республикалық маңызы бар автожолында құтқарушылар «Нива Бронто» жол талғамайтын көлігімен, «ДЭУ – 63» кәсіпорнының 3 техникасын пайдалана отырып, 15 көлікті және 37 адамды, оның ішінде бір баланы қауіпсіз жерге шығарды.

Республикалық маңызы бар «Жезқазған– Петропавл» тас жолының Кеңес және Жаңажол ауылдарының арасында металл құбырлары тиелген VOLVO жүк көлігі жолдан шығып кеткен. Шал ақын ауданының № 6 өрт сөндіру қызметі мамандары және полиция қызметкерлері, «АСА – 20» апаттық-құтқару автокөлігі пайдалана отырып, көлікті алып шықты.

Жалпы 20 ақпанға қараған түні облыс жолдарында 15 техника және 37 адам эвакуацияланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT