СҚО-да блокпостар арқылы 31 мыңға жуық көлік өткен

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап осы күнге дейін 31 мыңға жуық көлік өткен. 500-ге жуығының өтуіне тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 13 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылғанымен, бұрын қойылған 25 блокпост жұмыс істеп жатыр. Терроризммен күрес жөніндегі облыстық жедел штаб террористік қауіптің сары деңгейіне байланысты әзірге бақылау-өткізу режимін қалдырып отыр. Петропавл маңында орналасқан бес блокпосттан тұрғындар жеке басты куәландыратын құжаттарын көрсетіп барып өтіп жатыр.

Бұдан басқа ішкі істер органдарының жеке құрамы бұрынғыдай ерекше режимде жұмыс істеуді жалғастырады. Қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік және стратегиялық маңызы бар нысандар бұрынғысынша қатаң күзетіледі.

Төтенша жағдай енгізілгеннен бері өткізу пункттерінен 31 мыңға жуық көлік өтті. 494 көліктің өтуіне тыйым салынды. Осы күндер ішінде төтенше жағдай режимін бұзудың 120 фактісі анықталды, негізінен коменданттық сағатты бұзуға қатысты.


Соңғы жаңалықтар