+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

СҚО-да биылғы түлектерге 50 білім грантына қаржы бөлінді

2021 жылғы 18 мамыр 22:42
Бөлісіңіз:
СҚО-да биылғы түлектерге 50 білім грантына қаржы бөлінді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына қажет мамандарды даярлау үшін бюджеттен 50 білім грантына қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында 10 мектеп салынып жатыр Атырауда «Жасыл ел» еңбек жасағының он жетінші маусымы басталды 75 балдан кем жинаған талапкерлер докторантураға грантқа түсе алмайды

Бүгін СҚО білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысып, 2020-2021 оқу жылының ерекшеліктері туралы айтып берді.

Сондай-ақ, биыл облыс бюджетінен өңір үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша 50 білім грантына қаражат бөлінгенін хабарлады.

«20 грант «Жалпы медицина» мамандығына, 15 грант «Ветеринария», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Агрономия», «Білім беру» мамандықтарына 5 гранттан беріледі. Бұған дейін облыс әкімінің гранттары 2018 жылы бөлінді. Ол жолы 75 түлекке облыс бюджеті есебінен тегін білім алуға мүмкіндік берілді», - дейді Гүлмира Кәрімова.

Мұғалім мамандығының мәртебесі артуына байланысты биыл педагогикалық мамандықтарға өту балы өскен. Егер екі жыл бұрын педагогикалық мамандыққа өту үшін 50 балды жинау жеткілікті болса, былтыр ол 70 балға дейін көтерілді. Биыл 75-ке жетіп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT