СҚО-да биыл жастар жасақтары тек аудандарда еңбек етеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жастардың еңбек жасақтарына биыл 665 адам қабылданбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да «Жасыл ел» бағдарламасына қатысуға жастар онлайн түрде өтініш бере алады. Осы күнге дейін 40-тан астам адамнан өтініш түскен.

«Бұл жұмыс 13 сәуір күні басталды. Өтініштерді және құжаттардың көшірмесін Google құжат арқылы, WhatsApp желісі немесе электронды пошта арқылы жіберуге болады. Жалпы 1 мамырдан бастап жұмыс басталуы қажет еді. Карантин бітетін болса, 15 мамыр іске кірісеміз. Ал егер алынбаса, еңбек жасақтарының жұмысры кейінге шегеріледі», - дейді СҚО бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының үйлестірушісі, «Бізбен бірге» қоғамдық қор төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Мәжит.

Еңбек жасақтарына 16 мен 28 жас аралығындағылар қабылданады. Биыл квота 665 адамға, өткен жылғы межеде берілген.

«Биылғы ерекшелік – СҚО «Жасыл ел» еңбек жастарының штабы болып алғашқы жыл жұмысқа кірісіп жатырмыз. Жастарымыз көгалдандыру, аббаттандыру және тазалық жұмысына тартылады. Еңбекақылары жұмыс орнына, көлеміне және қиындығына байланысты 35 мың мен 80 мың теңге аралығында. Тағы бір ерекшелік, жастардың еңбек отрядтары тек аудандарда еңбек етеді. 50 % орман шаруашылықтарына жіберіледі. Олар бір ай немесе маусым біткенше жұмыс істей алады», - дейді Әлішер Мәжит.

Жастар тиісті формамен тегін қамтылады. Жалпы «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл облыстық бюджеттен 30 млн-ға жуық теңге бөлінген.


Соңғы жаңалықтар