+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

СҚО-да биыл өрттен 28 адам мерт болып, 97 млн теңге шығын келді

2021 жылғы 4 мамыр 17:48
Бөлісіңіз:
СҚО-да биыл өрттен 28 адам мерт болып, 97 млн теңге шығын келді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өртке қауіпті маусым басталғалы өрт шығуы жиіледі. Соңғы 10 күннің ішінде өңірде 29 өрт тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді Шығыс Қазақстанда биыл 108 дала өрті тіркелді Павлодарда дүкен өртеніп, 47 адам эвакуацияланды

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан СҚО-да 235 өрт тіркелді. Былтыр осы аралықта 16 адам мерт болса, биыл 28 адам қаза тапты.

34 тұрғын түрлі дене жарақатын алды. Келген материалдық шығын 97 млн теңгеден асады. Барлық өрттің 75 % және қаза тапқандардың 27-сі - жеке секторда болған.

23 сәуір мен 3 мамыр аралығында СҚО аумағында 29 өрт тіркелді. Мамандардың айтуынша, өртке қауіпті маусым 12 сәуірден басталды.

Осы уақыттан бастап кепкен шөпті, қамысты, қоқысты күйдіруден туған өртке қатысты 227 шақырту түскен.

Отты абайсыз қолдану салдарынан, яғни қоқыс пен кепкен шөпті күйдіріп, ол жақын маңдағы құрылыс нысандарына таралған 7 өрт тіркелді.

«Алда бірнеше күн мереке, демалыс. Тұрғындар саяжай учаскелеріне, демалу үшін орманға, табиғат аясына ағылады. Әрине кәуап дайындайды. Кәуап дайындаған уақытта міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Жақында ата-аналар күні болады, халық зиратқа жинауға барады. Зират басында от жағып, қоқысты күйдіруге қатаң түрде тыйым саламыз», - дейді СҚО ТЖД басқармасының бастығы Дмитрий Растихин.

СҚО-да өртке қауіпті маусымның басталуына орай 46 мобильді топ құрылды.

Оған 230 адам – азаматтық қорғаныс органдарының өкілдері, жергілікті полиция қызметінен, орман шаруашылықтары мен жергілікті атқарушы биліктен мамандар кірген.

Олар жүргізген рейд барысында 20-дан астам әкімшілік хаттама толтырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT