СҚО-да биыл орман шаруашылықтарына 212 млн теңгенің техникасы алынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылығы мекемелерінің автопаркі биыл 212 млн теңгенің жаңа техникасымен толықты. Бүгін 14 трактор, 5 патрульдік автокөлік пен өрт сөндіру қондырғылары орманшыларға салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл сайын орман шаруашылығы мекемелерінің паркі жаңа техникамен толығып келеді. Соңғы 3 жыл ішінде 207 млн теңгеге 11 өрт сөндіру машинасы алынды. Бүгін орманшыларға 212 млн теңгенің жаңа техникасы тапсырылды. Нәтижесінде автопарк 14 трактор, 5 патрульдік автокөлік және өрт сөндіру қондырғыларымен толығып, техникамен қамтамасыз етілу 14 %-ке өсті. Мәселен өрт сөндіру қондырғысы трактордың артына тіркеледі. Оның көмегімен машина жүре алмайтын жерге өтіп, жалынды ауыздықтауға болады.

«Бұл жұмыстардың барлығы орманды сақтауға және көбейтуге бағытталған. Соңғы 5 жылда облыста 16 млн ағаш отырғызылды. Бұл кесілген ағаштардан екі есе көп. Біз жұмысты жалғастырамыз. Алдағы 5 жылда облыста 100 млн ағаш көшетін егу жоспарда бар», - дейді Құмар Ақсақалов.


Соңғы жаңалықтар