СҚО-да биыл нәресте өлімі төмендеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында былтыр 58 нәресте көз жұмса, биыл 47 сәби шетінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде өлі туған шараналар саны да былтырғымен салыстырғанда 48-ден 32-ге дейін азайған. Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Сұлтанғазиевтің мәліметіне қарағанда, биыл ана өліміне жол берілмеген. Алайда облыста бала туу көрсеткіші төмендеп кеткен. Былтыр өмірге 5152 нәресте келсе, биыл 4883 сәби дүние есігін ашты.
«Сәби өлімі 17% кеміді. Алайда облыстың көрсеткіші республикалық деңгейден 0,8% артық. Сәби өлімінің 72,7%, яғни басым бөлігі перинаталдық кезеңдегі жағдайға байланысты. Туа біткен аурулардан болатын нәресте өлімінің үлесі азайды», - деді Тимур Сұлтанғазиев.
Басқарма жетекшісінің сөзіне қарағанда, облыста екіқабат әйелдердің босану мерзіміне қарай, патологияның болу-болмауына байланысты медициналық көмек беру деңгейі және қажет болған жағдайда барлық емдеу мекемелері арасында өзара әрекет ету дұрыс жолға қойылған. Реанимациялық кеңес беру орталығы жұмыс істейді. Бұл орталыққа жыл басынан 176 адам хабарласып, кеңес алған. Санитарлық авиациямен балалар реаниматологтары 68 рет, неонатологтар – 48, акушер-гинекологтар 10 рет көмекке барған.
Бұдан басқа дәрігерлер үнемі біліктіліктерін арттырып отырады. Ал перинаталдық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға биыл 333 млн теңге бөлінді, бұл былтырғыдан шамамен 200 млн теңгеге артық.
- Бірқатар өңірде автожолдар жабылды
- Алматыда онкологтар америкалық технологияны қолданып 5 күрделі ота жасады
- Алматыда жаппай менингит тарағаны туралы ақпарат жалған – әкімдік
- Алматыда «Дені сау бала – ұлт болашағы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр
-
Елордада және бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
-
Архимед Мұхамбетов өңірде дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтып берді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам