+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

СҚО-да биыл бес жүзден астам кәсіпкер несие алады

2020 жылғы 11 тамыз 10:27
Бөлісіңіз:
СҚО-да биыл бес жүзден астам кәсіпкер несие алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жобалары бойынша биыл бес жүзден астам кәсіпкер несие алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2017-жылдан бері «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асырып келеді. Осы уақыт аралығында алпыс мыңға жуық кәсіпкер несие алды.

Қор өзінің несие өнімдері арқылы ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жобаларын түрлі мақсатты бағыттар бойынша қаржыландырып келеді. Нақты айтар болсақ, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау жобалары бар.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша түрлі мақсаттағы несие 6 процентпен, көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне 4 процентпен беріледі. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де қарастырылған.

СҚО Қызылжар ауданының Бескөл ауылында тұратын тігін цехі бар жеке кәсіпкер Бақыт Сейілова киім қысқартудан бастап мектеп формасына дейін тігеді. 2010-жылдан бері «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалар арқылы қордан төрт рет несие алып, бизнесін кеңейткен. Қазіргі уақытта 6 адамға жұмыс беріп отыр.

«Қазір еңбек етемін деген адамға мемлекет қолдау көрсетеді. Оны тек тиімді пайдалану керек. Мен осы кәсіппен айналысқалы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан төрт рет несие алдым. Соның арқасында тігін цехімді кеңейттім, айналым капиталымды толықтырдым. Жұмысым ойдағыдай жүріп жатыр», - дейді кәсіпкер Бақыт Сейілова.

Осы ауылда тұратын жеке кәсіпкер Кеңес Көкиев жылқы шаруашылығымен айналысады. Ол да 2014 және 2019 жылдары «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының СҚО филиалынан екі рет несие алып, шаруашылығын одан әрі дамытқан. Бүгінгі таңда отыз бие сауып отырған кәсіпкер қымыз дайындап сатады. Шаруашылықта 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Ауылда тұрған соң малдың игілігін көру керек деп есептеймін. Оңай олжа жоқ. Бәрі еңбекпен келеді. Жылқы бағудың да өзіндік қиындықтары бар. Ұқсата білсең, соған орай табысын да көруге болады. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан екі рет несие алып, жылқы басын көбейттім, сауын биелерімнің санын арттырдым. Қымыз ашытып сатамыз. Табысымыз жақсы. Үш адамға жұмыс беріп отырмын», - дейді Кеңес Кқкиев.

Солтүстік Қазақстан облысы мал шаруашылығына қолайлы аймақ. Сондықтан болар, қордан несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Соның ішінде жылқы өсіруді қолға алған шаруалар көп.

«Биыл біздің филиалға «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2,28 млрд теңге қаржы бөлінген болатын. Бүгінгі таңда оның 1 млрд теңгеден астамы игеріліп, 286 жоба қаржыландырылды. Жалпы, биыл жыл соңына дейін 529 кәсіпкерге несие беруді жоспарлап отырмыз», - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚО филиалының директоры Абылай Нұркенов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT