+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

СҚО-да биыл 7 мектеп жабылды

2019 жылғы 21 тамыз 00:30
Бөлісіңіз:
СҚО-да биыл 7 мектеп жабылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл мектептердің саны жетеуге қысқарып, тағы соншасы оқушылардың санына қарай орта мектептен негізгіге, негізгіден бастауышқа ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда мектебіндегі баллон оқиғасы: Оқушы аяқ киім кремі деп ойлаған Елордада 17 жастағы колледж студентін зорламақ болған күдікті ұсталды СҚО-да 600 орындық мектеп ашылды

Өткен оқу жылында өңір бойынша 485 мектеп болса, биыл қыркүйектің 1-і 479 білім ордасы балаларды қабылдайды. Оның 78 пайызы шағын комплектілі білім беру мекемелері. Талапқа сай келмейтін Айыртау, Есіл, Жамбыл, Қызылжар және Тайынша аудандарының 7 мектебі жабылды. Бұған бала санының аздығы себеп болған, мемлекеттік норматив бойынша оқушы 5-еуден кем болмауы тиіс.

«Елді мекендегі білім беру ордасында оқушы саны 5 немесе одан да көп болуы қажет. Негізгі мектепте 1-9 сыныпқа дейінгі оқушы саны 41 ден асу керек, орта мектепте 1 мен 11 сынып аралығында 81 білім алушыдан кем болмауы керек. Мектепті жабу туралы шешім шығарыларда «Білім» туралы заң негізге алынады. Бірнеше жыл мектептің дамуы, кадр саны бақылауға алынады. Жабу туралы соңғы шешімді аудан әкімдігі қабылдайды», - дейді облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Наталья Сербина.

Сондай-ақ Айыртау, Ақжар және Тайынша аудандарында 3 білім беру мекемесі орта мектептен негізгіге, 4-еуі негізгіден бастауышқа ауысты. Қайта құрылған және жабылған мектептердің оқушылары жақын маңдағы білім ордаларына арнайы көлікпен жеткізіледі.

Биыл Петропавл қаласындағы Береке ықшам ауданында 600 орынға шақталған жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Ал облыс бойынша бірінші сыныпқа 9 мыңға жуық бүлдіршін бармақшы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT