СҚО-да биыл 620 ата-ана баласы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 620 ата-ана балалары үшін, соның ішінде 40-ы жасөспірімдердің спирттік ішімдік ішкені үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 шілдеге қараған түнде «Қауіпсіз жаз» акциясы аясында петропавлдық полицейлердің назарына 13 жастағы екі жасөспірім түсті. Олар Н.Назарбаев көшесінде ересектердің қарауынсыз жүрген. Ата-аналары «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ескерту берілді.

«Ювеналды полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезінде компьютерлік клубтарды, диско-барларды, сонымен қатар, аулалар мен тұйық көшелерді – түнде жасөспірімдер көп жүретін орындарды тексереді. Осындай рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруінің осындай 7 дерегі анықталды. Екі кәмелетке толмағанның алкогольдік ішімдік ішу фактісі тіркелді. Сондай-ақ, тұрмысы нашар отбасылар да бақылауға алынған. Балалар мен жасөспірімдердің түнгі сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін көшеде ересектерсіз жүруіне болмайтынын естеріңізге саламыз», - дейді Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы Рустам Садулов.

Жыл басынан бері СҚО-да 620 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 40-ы – кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді ішкені, 19-ы – балаларының көңіл көтеру орындарында болғаны, 426-сы тұрғын үйден тыс жерде түнгі уақытта болғаны үшін жазаланды.


Соңғы жаңалықтар