СҚО-да биыл 1500 отбасы баспаналы болады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 14 пайызға артты. Статистика департаментінің мәліметінше, жыл басынан осы мақсатқа 13 648,6 млн теңге бөлінген. Бұл өткен жылдың он айымен салыстырғанда 113 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Биыл 987 отбасы жаңа баспанаға кіріп, қоныс тойын тойлады. Бұл өткен жылдың он айымен салыстырғанда 113 пайызға артық. Тұрғын үйдің шамамен 60 пайызы халық қаражаты есебінен салынып отыр.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 457 пәтер пайдалануға берілген. Жалпы ауданы - 35109 шаршы метр. Жергілікті бюджет есебінен тапсырылған баспаналардың саны - 32, яғни 1691 шаршы метр. Ал ауылдық жерлерде жалпы ауданы 46 131 шаршы метр баспана қолданысқа берілді.

Айта кетейік, қазір облыс бойынша тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа құны 94,5 мың теңгені құрап отыр.

СҚО әкімдігінің мәліметінше, биыл жоспар бойынша жалпы ауданы 230 мың шаршы метр болатын 1500  тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс. Бұл - 2017 жылмен салыстырғанда 115 пайызға артық. Петропавл қаласында екінші жыл қатарынан тозығы жеткен үйлер сүріліп жатыр. Осы аралықта 600-ден астам  ескі үй алынды, олардың орнына 2 мың пәтерлік көпқабатты тұрғын үй салынады. 

Соңғы жаңалықтар