+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

СҚО-да биыл 12 мың тұрғын баспаналы болмақ

2020 жылғы 10 маусым 21:09
Бөлісіңіз:
СҚО-да биыл 12 мың тұрғын баспаналы болмақ

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл баспана салуға бюджеттен 18,4 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыруға қосымша 20 млрд теңге бөлінді Түркістан облысының Төлеби ауданында көпқабатты 9 үй бой көтерді Көкшетауда 67 мың шаршы метрден астам тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда тұрғын үй құрылысы қарқын алғанымен, жаңа нысандар қаланың қазіргі шекарасынан шықпайды. Жоспар бойынша жеке сектордағы ескі үйлер сырылып, орнына көп қабатты баспаналар бой көтереді. Бұл – ыңғайлы, әрі экономикалық жағынан тиімді болмақ. Яғни қосымша инфрақұрылым тартудың қажеті жоқ.

Мамандардың айтуынша, қазір жеке сектор Петропавлдың жартысына жуығын алып жатса, онда қала тұрғындарының тек 20 % ғана тұрады.

Бюджеттен бөлінген 18,4 млрд теңге биыл 300 мың шаршы метр баспананы тұрғызуға мүмкіндік бермек. 12 мың өңір тұрғыны жаңа қонысқа көшеді. Жыл соңына дейін 3 мың пәтер қолданысқа берілсе, оның 625-ін әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылар алмақ.

«Пәтерлерді бөлу тәртібі ашық болу керек. Оған қоғам өкілдерін тарту қажет. Келесі аптада «Е-Петропавл» атты арнайы қосымшаны іске қосамыз. Нәтижесінде кезекте тұрған азаматтар туралы ақпаратты көруге болады», - деді бүгін әкімдік отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT