USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

СҚО-да биыл 1,8 млн малға екпе егілді

2021 жылғы 3 желтоқсан 05:48
Бөлісіңіз:
СҚО-да биыл 1,8 млн малға екпе егілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 1 млн 824 мың жануарға және 3 млн 200 мың құсқа екпе егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да көпқабатты тұрғын үйлердің 69 пайызы басқарудың жаңа түріне көшті Алматы облысында 88 мың адам ревакцинация курсынан өтті Қазақстанда неше доза вакцина бар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде СҚО аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баспасөз мәслихаты өтті. Мамандардың айтуынша, биыл өңірде малда бруцеллезбен ауруы – 10, құтырма – 11 дерегі, инфекциялық ринотрахеитпен және құс тұмауы - 2, қарасанның (сібір жарасы) бір дерегі тіркелген. Сегізі бойынша жағдай түзелген жоқ. Олар бруцеллезге, қарасан мен құтырмаға қатысты.

«Өңірде эпизоотикалық қолайлы жағдайды қалыптастыру үшін 9 аса қауіпті және 3 энзоотикалық ауруларға қарсы вакцинация жүргізілді. 1 млн 824 мың жануарға және 3 млн 200 мың құсқа екпе егілді. Сондай-ақ түрлі ауруларға 915 мыңнан астам түлік тексерілді. Бұл жұмыстар мал-құс арасында жұқпалы аурулардың таралуын азайтуға сеп болды. Нәтижесінде бруцеллез жұқтырған 561 ірі қара мал анықталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 486 басқа аз. 3 малда туберкулез және 29-ында лейкоз табылды», - дейді СҚО ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.

Әзірге бруцеллез бойынша Пеньково және Шаховское елді мекендерінде шектеу шаралары алынған жоқ.

«Былтыр құс тұмауының салдарын ескере отырып, биыл 3 млн 200 мың құсқа, соның ішінде шаруашылықтардың 2 млн 100 мың тауық-үйрегіне вакцина салдық. Құс тұмауы М.Жұмабаев ауданының Лебяжье және Тимирязев ауданының Дружба елді мекендерінде анықталды», - дейді Берік Әлжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT