СҚО-да бірнеше рет көлікті мас күйде басқарған 37 жүргізуші сотталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Биыл Солтүстік Қазақстан облысында көлікті басқаруға құқығы болмаса да рөлге мас күйде отырған 37 жүргізуші сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақжар аудандық соты осы ауданның 42 жастағы тұрғынын бір жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол биыл ақпан айында көлікті мас күйде жүргізгені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған. Осы жылдың шілде айында полицейлер оны тағы тоқтатады, ол көлік жүргізуге құқығы болмаса да «Lada Priora»-ның руліне мас күйде отырған.

Сот оны қоғамдық жұмыстарға тартып, өмір бойына көлік басқару құқығынан айырды. Алайда қараша айында ер адам тағы мас күйде көлікті жүргізіп, Горьковское елді мекеніндегі металл арканы зақымдаған. Бұл жолы сот оны бір жылға бас бостандығынан айырды.

«Жыл басынан «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бабы бойынша 73 деректі тергедік. Қазіргі уақытта 37 адам сотталды. Оның ішінде төртеуіне заңнамадағы өзгерістер күшіне енгенге дейін жаза қолданылып, айыппұл салынды, қоғамдық жұмыстарға тартылды. 30 адамның бас бостандығы шектелсе, үшеуі қамауға алынды», - дейді СҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы Ербол Бектұров.


Соңғы жаңалықтар