СҚО-да бірнеше аудан әкімі мен басқарма басшыларына сөгіс жарияланды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өздеріне жүктелген міндетті жүрдім-бардым атқарған бірнеше шенеунік тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін жартыжылдықтың қортындысы бойынша үш ауданның әкімі сөгіс алған болатын. Енді олардың қатарына жұмысында салғырттық танытқан тағы бірнеше шенеунік қосылды.
СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіптік жазаны қолдануға өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындысы себеп болған.
Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқармаған Жамбыл ауданының әкіміне – қатаң сөгіс, Айыртау ауданының әкіміне - сөгіс және Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісіне сөгіс жарияланды.
Еске салайық, өңір басшысы 9 айдың қорытындысына сәйкес аппаратқа тиісті ұсыныстарды жасауды тапсырған болатын.
Айта кетейік, Жамбыл ауданының әкімі алты айдың көрсеткіштері бойынша да сөгіс алған болатын.
- Көкшетауда көрнекті қоғам қайраткерінің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды
- Павлодар облысының Баянауыл ауданына жаңа әкім тағайындалды
- 2 млн адамның қолы жиналды: Олжас Сүлейменов полигон жабылған күнді еске алды
- Алматыда имамдардың аймақтық форумы өтті
-
Алматы әкімдігі Жетісу ауданындағы 309 үйді заңдастыруды қолға алды
-
Жамбыл облысында 157 мектепте полиция инспекторы жетіспейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам