USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

СҚО-да бір үй екі рет өртенген, екіншісінде үй иесі мерт болды

2021 жылғы 8 маусым 18:28
Бөлісіңіз:
СҚО-да бір үй екі рет өртенген, екіншісінде үй иесі мерт болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй өртеніп, 48 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да тыңайтқыш қолданылатын алқап көлемі ұлғайтылады СҚО-да екі күні ішінде 165 адам полицейлердің есебіне алынды Шығыс Қазақстанда жыл басталғалы бері 83 өрт болды

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 7 маусым күні М.Жұмабаев ауданы Булаев қаласында болған.

Сағат 17.00 шамасында 101 қызметіне Чкалов көшесіндегі 38 үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама түседі.

Өрт жатын бөлмеден шыққан екен, баспананың қабырғаларына, жиһазға зақым келді. Үйіндінің астынан сол үйдің иесі – 1972 жылы туған ер адамның денесі табылды.

Ер адам ішімдікке жақын болған. Алдын ала болжам бойынша, керуетте жатып, шылым шегуі мүмкін.

«Бұл үйде 26 мамыр күні де өрт шықты. Салдарынан баспананың және қора-қопсының шатыры жанып кетті. Өрт сол жолы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан еді», - дейді СҚО ТЖД басқармасының басшысы Дмитрий Растихин.

Жалпы жыл басынан бері СҚО-да 31 адам өртте мерт болды. 34 адам түрлі дене жарақатын алды. Келген шығын мөлшері 143 млн теңге шамасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT