СҚО-да бір түнде 3 көлікті зақымдап, 2 ғимараттың терезесін сындырған бұзақы ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары бір түнде бес бірдей бұзақылық жасаған Петропавл қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,16 қаңтар түнгі сағат 2.30 шамасында Петропавл қаласының полиция басқармасына бір тұрғын хабарласып, Борис Петров көшесіндегі аулада тұрған көлігінің терезесін біреудің сындырып кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына жақын маңда кезекшілік атқарып жүрген мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мамандары жетеді. Олар аулада полиция машинасын көріп қашпақ болған адамды байқайды. Бірден артына түсіп, санаулы минутта қолға түсірді. Полицейлер күдікті өзін агрессивті ұстағандықтан қолына кісен салуға мәжбүр болған.

Жедел-тергеу тобы жақын маңда тағы екі көліктің және жеке тұрғын үй мен «Қызылжар су» кәсіпорнының шағын стансасының терезесі сынғанын анықтады.

«Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Медициналық куәландыру Петропавл қаласының 48 жастағы тұрғының мас екенін көрсетті. Ол бұған дейін де бірнеше рет істі болғаны анықталды. Қазір келтірілген шығын мөлшері есептеліп жатыр», - дейді Петропавл ПБ бөлім бастығы Ерболат Қаптаев.

Былтыр Петропавл қаласында бұзақылыққа қатысты 85 дерек тіркелсе, соның 74-і ашылды.


Соңғы жаңалықтар