+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

СҚО-да бір тәулікте 14 мас жүргізуші ұсталды

2020 жылғы 24 қыркүйек 02:58
Бөлісіңіз:
СҚО-да бір тәулікте 14 мас жүргізуші ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте ғана көлікті мас күйде басқарған 14 жүргізуші анықталды, енді олар 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда тағы 362 «Сергек» камерасы орнатылады Қаңтар-тамызда елімізде жарты миллионға жуық жеңіл автомобиль тіркелген СҚО сүт зауыттарын жаңғыртып, өңірді ірімшікке деген қажеттілікті қамтамасыз етпек

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 жүргізуші бұған дейін көлікті басқару құқығынан айырылса да рөлге мас күйде отырған. Әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген олар енді 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 10 күнге қамалады. Сондай-ақ 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылады.

Қазір СҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Акцияның мақсаты – жол апатын азайтып, жүргізушілерді тәртіпке салу.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау, ұқыптылық таныту жол-көлік оқиғаларының санын азайтады және қауіпсіздікке кепіл болады.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы тәулігінде облыста 500-ге жуық құқықбұзушылық анықталды. Оның 46-сы жылдамдықты асыруға, 56-сы рөлде телефонмен сөйлесуге қатысты. Ал 67 адам қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін жазаланды. Жол ережелерін бұзушылардың ішінде жаяу жүргіншілер де бар. 75 адам жолды белгіленбеген жерден және бағдаршамның қызыл түсіне кесіп өтпек болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT