+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

СҚО-да бір күнде екі өрт тіркеліп, екеуінде де қаза тапқандар мас болған

2020 жылғы 29 қазан 22:14
Бөлісіңіз:
СҚО-да бір күнде екі өрт тіркеліп, екеуінде де қаза тапқандар мас болған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бір күнде екі өрт оқиғасы тіркеліп, екі адам мерт болды. Олардың екеуі де мас болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді Елордада құрылыс аумағындағы асханада газ баллоны жарылды Ақтөбеде көпқабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 27 қазанда Петропавл қаласының Подгора шағын ауданындағы жеке үйден өрт шықты. Оқиға орнына жеткен мамандар өрт орнынан 1973 жылы туған үй иесінің денесін алып шықты. Өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болған.

Сол күні Айыртау ауданы Айыртау елдімекені маңындағы карьердегі жылжымалы вагонда өрт шыққан. Жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу адам өліміне әкелді. «Көкше-Бур» ЖШС 1960 жылы туған жұмысшы-бұрғылаушысы мерт болды.

Маманардың айтуынша, екі жағдайда да қаза тапқандар мас болған.

Жалпы жыл басынан СҚО-да 547 өрт тіркелді. 43 адам, оның ішінде 5 бала мерт болды. 14 адам жарақаттанса, келтірілген материалдық шығын 116 млн теңге.

«Өрттің 75%-ы тұрғын үй секторына тиесілі. 43 адам қаза тапса, солардың 41-і және соның ішінде 5 бала осы жеке тұрғын үйлерде мерт болған. 8 өртте 20 адам қаза тапқан. Оның ішінде 14 адам, 70%-і мас күйінде қаза болған», - дейді ведомство қызметкерлері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT