+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

СҚО-да бір айдың ішінде 70-ке жуық адам коронавирустан қайтыс болды

2021 жылғы 19 қазан 10:48
Бөлісіңіз:
СҚО-да бір айдың ішінде 70-ке жуық адам коронавирустан қайтыс болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бір айдың ішінде 3 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырса, 70-ке жуығы қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өткізілмейді – Білім министрлігі Алматыда коронавирус жұқтырған 40 науқас жансақтау бөлімінде жатыр Өзбекстан билігі ел тұрғындарын Жаңа жылды отбасы мүшелерімен ғана қарсы алуға шақырды

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 128 адам анықталған. Бір айдың ішінде 3021 адамнан қауіпті инфекция анықталса, соңғы екі апта бойы ауырғандар саны жүзден жоғары болып, 1874-ке жеткен.

Қазір облыстың инфекциялық стационарларында 759 адам емделіп жатыр. Осылайша емдеу мекемелері 47%-ға жүктелген. Карантинде 18 адам, жансақтау бөлімшелерінде 51 сырқат жатыр.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған екі адам қайтты. Осылайша ауырып, қайтыс болғандардың саны 260-қа жетті. Оның 68-і соңғы бір айдың ішінде көз жұмды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT