СҚО-да бір ай бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бір ай шамасында іздеуде болып, кейін денесі табылған ер адамға қатысты іс «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл тұрғыны Юрий Волосников 24 қыркүйекте үйінен хабарсыз кетіп, бір айға жуық іздеуде болды. 61 жастағы ер адамды табу үшін полицейлерге волонтерлер мен еріктілер көмекке келді. Құтқарушылар жоғалған адам болуы мүмкін аймақты шарлап өтті. Алынған ақпаратқа сәйкес, қала тұрғыны Есіл өзеніндегі автокөлік көпірін кесіп өтуі мүмкін. Сондықтан өзен жағасы мен түбі қаралды, саяжай массиві мұқият тексерілді.

Волосниковтың денесі 19 қазан күні табылды. Ол өзіне қол жұмсаған екен.

СҚО полиция департаменті осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

«19 қазанда ескі сорғы станциясы ауданында асулы күйдегі өзін-өзі өлтіру белгілерімен ер адамның денесі табылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын мұқият және объективті қарауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.



Соңғы жаңалықтар