СҚО-да бір ай бұрын жоғалған әйел табылмай жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қалалық ІІБ Криминалдық полиция бөлімі із-түзсіз жоғалған Бағдат Мадиярованы іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 49 жастағы әйел 8 тамыз күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның қайда екені әлі белгісіз.

Айта кетерлігі, ол емдеу мекемелерінің бірінде есепте алынған.

«Орта бойлы, денесі толық, шашы қысқа қара, қой көзді. Көк түсті көйлек, қара әміркен аяқ-киім, ақшыл түсті сырт киім киген. Өзімен бірге қызыл сөмкесін алып кеткен», - делінген сипаттамада.
Полицейлер әйел туралы қандай да бір мәлімет білетіндер болса 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар