+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

СҚО-да бір ауыл құс тұмауына байланысты карантинге жабылды

2021 жылғы 27 қыркүйек 13:14
Бөлісіңіз:
СҚО-да бір ауыл құс тұмауына байланысты карантинге жабылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының таралуына байланысты М.Жұмабаев аудынындағы Лебяжье елді мекені карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Семейде оқушыларды мектепке автобуспен жеткізу тоқтатылды Эпиджағдай нашарлайтын болса, Солтүстік Қазақстан толық локдаунға қайта оралмақ СҚО-да жаңадан COVID-19 жұқтырғандардың 90 пайызында ауру белгілері бар

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, 21-26 қыркүйек аралығында М.Жұмабаев ауданы Лебяжье елді мекенінде 1003 үй құсы қырылды. Бұл - жеті үйдің құсы. Негізінен 2-3 айлық құс - соның ішінде 130 тауық, 291 қаз, 582 үйрек өлген. Мамандар құстардың өлексесін жинап алынып, күйдіру арқылы жойды.

«Ветеринарлық қызмет эпизоотиялық зерттеу жүргізілді. Өлген құстардан материал алынып, зертханаға жіберілді. 24 қыркүйек күні оның қорытындысы келіп, құс тұмауы екені расталды.

Үй құстарына қауіпті ауру жабайы құстардан жұғуы мүмкін. Өйткені елді мекенде су қоймасы бар, онда аққулар, жабайы үйректер мен басқа да құстар мекендейді», - дейді СҚО ветеринария басқармасы бөлімінің басшысы Қайырлы Қазанов.

Осыған байланысты М.Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылы карантинге бүгіннен бастап жабылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT