+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

СҚО-да бір аптаның ішінде 21 адам коронавирустан көз жұмды

2021 жылғы 8 қазан 12:11
Бөлісіңіз:
СҚО-да бір аптаның ішінде 21 адам коронавирустан көз жұмды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустан қайтыс болғандардың саны 227 адамға жетті, тек соңғы бір аптада 21 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында былтырдан бері 51 975 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 743 107 адам салдырды 1433 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен аптада өңірде коронавирус жұқтырған 118 адам тіркелді. 4 қазаннан бастап ауырғандар саны артып келеді. Жалпы соңғы бір аптада облыста 642 сырқат анықталды.

Қайтыс болғандар саны да көбейген. 1 қазаннан бастап 21 адам көз жұмса, оның үшеуі өткен тәулікте өмірден озды. Жалпы өңірде 227 адам коронавирустан қайтыс болды.

Мамандардың айтуынша, өңірде коронавируспен ауырғандарға арналған 1200 орын бар. Қазір ол 56,6 %-ға толық. Инфекциялық стационарда 661 сырқат бар, емдеу мекемесі 60 %-ға жүктелген. Ауырып жатқандардың 47-сінің халі нашар.

СҚО-да коронавируспен ауырғандар санының артуына байланысты 9 қазаннан бастап шектеу шаралары күшейтілмек.

Ал үй карантинін сақтамаған 66 адамға 2 млн 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT