+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

СҚО-да бір аптаның ішінде 15 келі есірткі заты тәркіленді

2021 жылғы 16 қыркүйек 17:06
Бөлісіңіз:
СҚО-да бір аптаның ішінде 15 келі есірткі заты тәркіленді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бір аптаның ішінде полицейлер 15 келі түрлі есірткі затын заңсыз айналымнан алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да скутер мінген жігіт бағанға соғылып көз жұмды Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды «MadMEN» музыкалық тобы мүшелеріне қатысты сот аяқталуға жақын

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер есірткі және психотроптық препараттарды пайдаланатын медициналық мекемелерді, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қоймаларды, дәріханаларды тексерді. Бұл жұмыстар бір аптаға созылды. Іс-шараның мақсаты - бақылаудағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу. Нәтижесінде екі дәріханада дәрі-дәрмектерді рецептсіз босату жағдайлары анықталды. Кей медициналық мекемелерде құрамында есірткісі бар препараттарға есеп жүргізілмеген. Тәртіп сақшылары бақылаудағы заттарды заңсыз пайдалануға жағдай жасайтын 18 олқылықты анықтады.

«Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде есірткінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу жұмыстары да жанданды. Осындай 11 факті тіркелсе, оның екеуі аса ірі көлемді есірткіге қатысты. Соның бірінде заңсыз айналымнан 2 кг гашиш тәркіленді. Бұдан басқа синтетикалық есірткіге ұқсайтын 30 гр зат сараптамаға жіберілді. Тағы бір дерек құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге қатысты анықталды. Операция кезінде барлығы 15 келіден астам есірткі заты айналымнан алынды», - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT