СҚО-да бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны екі есе артты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа 141 жағдайы тіркелді, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қазандағы жағдай бойынша 1220 адамға ПТР тест жасалып, коронавирусты жұқтырған 141 адам анықталған. Ауырғандар саны бір аптадан бері тұрақты түрде өсіп келеді. Мәселен, 3 қазан күні өңірде 72 адам қауіпті инфекцияны жұқтырған еді, осылайша бүгінде көрсеткіш екі есе артқан.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарлар 64% жүктелген. 703 адам ем алып жатыр, олардың 49-ының жағдайы нашар. Өткен тәулікте 3 адам ауырып қайтты, қайтыс болғандар саны 237-ге жетті.

Жалпы СҚО-да 25 696 адам коронавирус жұқтырған, оның 890-ы медициналық қызметкер. Бұл барлық ауырғандардың 3,5%. 23 263 адам тәуір болды.


Соңғы жаңалықтар