СҚО-да бір аптада Covid-19 инфекциясын жұқтыру 2 есеге төмендеді
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы аптаның 4 күнінде өңірде КВИ-дың 62 жағдайы тіркелді. Бұл - өткен аптаның осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге төмен.
Барлық жағдайлардың 88 %-ы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды. Санитар дәрігерлердің айтуынша, бұл емделушілерді емдеуші дәрігерлер мен жедел медициналық көмек бригадалары мұқият тексергендігінің белгісі. Нәтижесінде адамдарда коронавирустың белгілері уақтылы анықталады. Бұл тәсіл емдеуді дер кезінде тағайындау мен науқасты қоғамнан оқшаулауға мүмкіндік береді.
Соңғы тәулікте СҚО-да коронавирустық инфекцияның 21 жаңа жағдайы тіркелді, оның 18-інде сырқаттар дәрігерге ауырып көрінген.
Пандемия басталғаннан бері өңірде коронавируспен 15 мыңға жуық адам ауырған. Олардың басым көпшілігі – жұмыс істейтін халық, яғни 33 %-ы, зейнеткерлер – 28 %, жұмыс істемейтіндер – 16 %.
Сондай-ақ инфекцияны көбінесе – 30 %-ын 60 жастан асқан адамдар жұқтырады, 50-59 жас аралығындағылардың үлесі – 18 %, 14 жасқа дейінгі балалар – 9 %-ды құрайды.