СҚО-да бір аптада 88 рет карантин талабы бұзылған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мониторинг топтары қоғамдық орындарды тексеріп, өткен аптада 88 карантин шектеуін бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторинг тобының құрамына тәртіп сақшысыы мен санитария дәрігері, прокуратура және жергілікті әкімдік өкілдері кірген. Топтың мақсаты – Әкімшілік кодекстің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бабын бұзудың алдын алу және түсіндіру жұмысын жүргізу.

Мониторинг тобы мүшелері нысандарды аралау барысында жеке қорғаныш құралдарының – маска мен қолғап киюді тексереді. Карантин шектеуіне байланысты қажетті құжаттардың тексереді.

Петропавлдағы 2-Заречный көшесіндегі дүкеннің бірінде құжат журналы мүлде болмаған. Интернационал көшесіндегі екі дәмхана да бұл талапты бұзған. Ал Жамбыл көшесіндегі дәмхана рұқсаттың жоқтығына қарамастан демалыс күндері клиент қабылдаған.

«Өткен аптада санитария талаптарын бұзуға қатьысты 88 дерек анықталды. Оның 70-і жеке тұлға, 18-і заңды тұлғаға қатысты. Мониторинг топтары тосыннан тексеруді жалғастырады. Карантин талабын қоғамның әр мүшесі қатаң ұстанғанда ғана қауіпті инфекциямен күресе аламыз», - дейді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

СҚО-да шілде айынан бері мониторинг топтары Әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша 2 129 құқықбұзушылықты анықтады.


Соңғы жаңалықтар