СҚО-да бір аптада 27 мас жүргізуші ұсталды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында бір аптада 27 мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 – 27 қараша аралығында өңірде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бір апта бойы күн сайын 400-ден астам полиция қызметкері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылды.

Петропавл сыртындағы айналма жолда тоқтатылған «Mitsubishi» автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Полиция қызметкерлерімен сөйлескенде ол шайқалақтап бір орында тұра алмаған. Медициналық куәландыру ер адамның мас екенін көрсетті.
«Іс-шара өткен уақытта көлікті мас күйде жүргізген 27 жүргізуші анықталды. Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан облыста мас жүргізушілердің кінәсінен 6 адам қаза тауып, 23 адам жарақаттанды. Бұдан бөлек, жедел-профилактикалық іс-шара барысында жылдамдықты асырудың – 174 , бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтудің – 18, апатты жағдай жасаудың – 15 дерегі анықталды. Осы бұзушылықтардың әрқайсысы ауыр зардаптармен болатын жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Ең жиі кездесетіні – жаяу жүргіншілердің жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтуі, мұндай 345 дерек тіркелді», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Жалпы СҚО-да бір аптада барлығы 3 мыңнан астам түрлі құқық бұзушылықтар анықталды.


Соңғы жаңалықтар