СҚО-да бір апта ішінде 41 мас жүргізуші ұсталды, арасында әйелдер де бар

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер көлікті мас күйде тізгіндеген 33 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульді полиция батальонының экипажы Мамлютка-Қостанай автожолында «BMW» көлігін сенімсіз басқарған жүргізушіні байқап, тоқтауын талап етеді. Көліктің рулінде 33 жастағы әйел болған. https://youtu.be/EqAeAlL_su8 Жүргізушіден спирттік ішімдіктің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру оның мастығын растады.

Әйелдің айтуынша, ол көлікті жүргізбес бұрын коньяк ішкен. Полицейлер мас жүргізушіге қатысты істі жинап, сотқа тапсырды. Сот ауыл тұрғынын 7 жылға көлік басқару құқығынан айырды.

«10 қыркүйектен бері СҚО-да дәл осындай жазаға 41 адам тартылды. Олар көлікті мас күйде жүргізген. Қазір өңірде «Мас жүргізуші» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты – жүргізушілердің тәртібін нығайтып, жол-көлік оқиғалары қаупін азайту. Жалпы осы операция басталғалы облыста жолда жүру ережесін бұзудың 3300 дерегі тіркелді. Бұл күндері жолдарда тексеріс күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр. Көлік жүргізушілерін жолда жүру ережесін қатаң сақтауға шақырамыз», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.


Соңғы жаңалықтар