СҚО-да бір апта бұрын жоғалған жасөспірімнің денесі көлден табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 27 мамырда із-түзсіз жоғалған жасөспірімнің денесі Шағалалы көлінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 жастағы жасөспірім 27 мамыр күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бала ақыл-ойы кеміс диагнозымен ауруханада есепте тұрған екен. Оның денесі бүгін таңертең сағат 10:00-дар шамасында Шағалалы көлінен табылды.

«Балық аулауға барған балықшы осы баланың денесін тауып, тиісті органдарға хабар берген. Жасөспірімнің денесінен ешқандай зорлық белгілері байқалған жоқ», - дейді ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға инспектор Қуат Махметов.null

Мамандардың айтуынша, суға шомылу маусымы басталғалы өңірде осымен төртінші адам қаза тапты. 1 маусымда Айыртау ауданы Шалқар көліне балық аулауға барған 65 және 46 жастағы 2 адам «Нива» автокөлігімен бірге суға кетіп, бақилық болған. Тағы бір 65 жастағы балықшы Қызылжар ауданы Глубокое көліне батып кетті.

«Көп жағдайда рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылу, мас күйде суға түсу немесе балаларды су жағасында қараусыз қалдыру қайғылы аяқталады. Сондай-ақ балықшылар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Соңғы бес жылда біз 100-ден астам адамды құтқардық», - дейді ТЖД жедел-құтқару отряды жетекшісінің орынбасары Виктор Держанский.

Жалпы, соңғы 5 жылда 168 адам суға кетсе, оның 22-сі балалар.

Соңғы жаңалықтар