СҚО-да бір адам өрттен мерт болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Чириковка елді мекенінде тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға 11 қаңтар күні болған. Есіл ауданы Чириковка елді мекенінен тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар «101» қызметіне кешкі сағат 17.00 шамасында түседі.

Өрт сөндірушілер отқа оранған үйден 1946 жылы туған ер адамның денесін алып шықты.

«Аудандық өрт сөндіру бөлімінің мамандары бір сағаттай қызыл жалынмен арпалысты. Бастапқы болжам бойынша, өрт төсекте жатып темекі шегудің салдарынан шыққан. Көршілерінің айтуынша, мерт болған ер адам бұл үйде жалғыз және уақытша тұрған екен», - дейді СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының басшысы Игорь Балеев.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басталғалы облыста 11 өрт тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе аз. Қаңтардың екі аптасында 5 адам өрт құрбаны болды, оның 2-уі – бала, былтыр ұқсас кезеңде 2 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар