СҚО-да білім бөлімінің басшысы жемқорлық жөніндегі екі баппен күдікке ілікті

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Қазір ол қамауда отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, Мағжан Жұмабаев ауданы білім бөлімінің басшысы Сара Рамазановаға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметкерге ҚР Қылмыстық Кодексінің 366 және 367-баптары бойынша іс қозғалған.

«Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен С.М. Рамазанова қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге салайық, бұған дейін мемлекеттік балабақшаларды жекеменшік әріптестік аясында сенімгерлік басқаруға беру барысында С.М. Рамазанованың басы дауға қалған еді. Көпшілік «сенімгерлік басқаруға берілген 3 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде қазақ топтары жабылады, төлемақы өсті және балабақшалар жекеменшікке өтіп, өз туыстарына берілді» деп наразылықтарын білдірді.

Петропавлдағы балабақша дауына байланысты 6 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар