СҚО-да бейнебақылау камераларының көмегімен 46 қылмыс ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО полицейлері бейнебақылау камераларының көмегімен 46 қылмыстық және 4800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бұл - бейнебақылау жүйесі жұмысының нәтижесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәуір айының ортасында полицияға Петропавлдағы Караванная көшесінде біреулер дүкен терезесінің шынысын сындырып, ақшаны қолды қылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция жасақтары 29 және 40 жастағы Жұмысшы кентінің бұрын істі болған екі тұрғынын ұстады. Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары қаскөйлердің әр қадамын камерамен бақылап отырып, көлік жасақтарына хабарлап отырған. Аталған факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.null

Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта облыста 1204 камера жұмыс істейді, оның 602-сі облыс орталығының жақын маңдағы учаскелік полиция пункттеріне қосылған. Қоғамдық орындарда орнатылған бейнекамералар қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.

Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қуандық Ысқақовтың сөзінше, жыл басынан бейнебақылау камералары көмегімен 4816 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың 3933-і жол қозғалысы ережелерінің, ал 494-і қоғамдық тәртіптің басқа да бұзушылықтары.

«Жедел басқару орталығы 2007 жылы ашылды. Бастапқы кезде 16 камерамен жабдықталған болатын. Қазіргі уақытта облыс орталығында 410 камера бар. Тәулік бойы құқықтық тәртіпті кезекші ауысымда бейне бақылау инспекторлары бақылайды. Қылмыс пен құқық бұзушылық анықталған жағдайда олар қаланың аудандарына полицияның кешенді күштерін хабар береді. Бейне камералардың заманауи техникалық сипаттамалары автокөліктің нөмірін тоғыз қабатты үй биіктігінен көруге мүмкіндік береді», - дейді Қуандық Ысқақов.

Соңғы жаңалықтар