+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО-да Бескөл ауылының 80 үйі орталық жылу жүйесіне қосылады

2020 жылғы 28 маусым 04:49
Бөлісіңіз:
СҚО-да Бескөл ауылының 80 үйі орталық жылу жүйесіне қосылады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы жылумен жабдықтайтын таратушы желілердің құрылыс барысы «Qutty meken» ұлттық жобасы аясында бақылауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Nur Otan» партиясы СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, партияның Қызылжар аудандық филиалының мониторингтік топ мүшелері жөндеу жүріп жатқан нысанда болды. Бескөл ауылында орталық қазандық та күрделі жөнделіп, биыл пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта орталық қазандыққа 46 нысан, оның ішінде 15 көппәтерлі тұрғын үй қосылды. Биыл тағы 34 тұрғын үйді қосу жоспарланған.

Қазандықты жөндеуге, тораптық және таратушы желілердің құрылысына 1 млрд 865 млн теңге жұмсалады.

«Қазандықты ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 40 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталуда: күл шығару желісі жөнделді, негізгі бөлшектері жаңасына ауыстырылды, қарау алаңы, 4 қазандық жөнге келтірілді», - дейді жұмыстарды атқарып жатқан мердігер «Мехколонна Ремстройсервис» ЖШС директоры Леонид Рапацевич.

Мамандардың айтуынша, ауылдағы орталық қазандық 2013 жылға дейін жұмыс істемеді. Ал соңғы салынған үйлер алты жылдан бері орталық қазандықтан жылытылып келеді. Тұрғындардың айтуынша, үйлер жылы, мәселе туындамаған.

«Үйде әрқашан жылы. Жылу беру маусымы басталысымен бірден қосыламыз. Көршілердің тарапынан да наразылық туған емес. Орталықтандырылған жылу жүйесіне одан да көп үйлер қосылса деген тілек бар. Мен сияқты зейнеткерлерге бұл өте ыңғайлы. Отын-көмір сатып алудың, оны тасып, күлін шығарудың қажеті жоқ. Партия құрылысты бақылауға алғанын білемін, бұл жақсы», - дейді Бескөл тұрғыны Әсия Жақыпова.

Қызылжар ауданында 100-ден астам нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың барлығы «Qutty meken» ұлттық жобасы аясында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының және мониторингтік тобының тұрақты бақылауына алынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT