СҚО-да бес күнде есірткіге қатысты 16 құқық бұзушылық анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары «Допинг» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бес күні ішінде полицейлер есірткіге қатысты 16 құқық бұзушылықты анықталған.

Петропавлдағы мекемелердің бірінде қалалық полиция басқармасының жедел қызметкерлері құрамында психобелсенді қоспалары бар дәрі-дәрмек сақталатын сейфтің техникалық талаптарға сай еместігін анықтаған. Енді жауапты тұлғалар 63 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін.

Тәртіп сақшыларының сөзіне қарағанда, мұндай әкімшілік құқықбұзушылықтар жиі кездеседі. Осыған ұқсас жағдай Петропавлдағы тағы бір мекемеде, Ғабит Мүсірепов ауданындағы кәсіпорында анықталды. Ал Уәлиханов ауданындағы мекемелердің бірінде құрамында есірткі заты бар препараттардың бос ампулалары дер кезінде жойылмаған. Бұл да әкімшілік заңнаманы бұзу болып есептеледі.

«Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес күні ішінде заңсыз айналымнан 94 грамм түрлі есірткі заты алынды.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары психотропты қоспалары бар 2,5 мың таблетканы, дәрілік препараттардың 1,5 мың ампуласын және 2 литр прекурсорды қолданыстан алды. Мұның бәрі заңды айналымдағы есірткі заттары саласына қатысты заңнама талаптарын бұза отырып сақталған екен.

Соңғы жаңалықтар