СҚО-да бес елікті заңсыз атқан браконьер 10 млн теңгеге дейін айып төлеуі мүмкін

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының тұрғыны мемлекеттік қорық аумағында 5 елікті атып алған.

«Қызылжар ауданының 27 жастағы тұрғыны дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Согровский мемлекеттік қорығының аумағында, Долматово ауылының жанында ұсталды. Оның көлігінің жүк салғышынан бес еліктің еті табылды. Қазіргі кезде барлығы алынып, сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, оқиға орнынан аңшы мылтықтары тәркіленді», - деп хабарлады аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Браконьерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол енді 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 5 мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш, яғни 10 млн. теңгеге дейінгі айыппұл төлеуі мүмкін.

Бұл СҚО-да жыл басынан бері тіркелген браконьерлік қылмыстың екінші фактісі. Еске сала кетейік, 1 қаңтардан тұяқты жануарларға аңшылық жасауға тыйым салынған. 15 ақпанға дейін солтүстікқазақстандықтар тек қоян мен түлкіге шыға алады.

Соңғы жаңалықтар